422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордалық ірі мұнай компаниясына 102 млн теңге айыппұл салынды

  • 196
Қызылордалық ірі мұнай компаниясына 102 млн теңге айыппұл салынды

Біріккен кәсіпорынға тиесілі Ақшабұлақ кенішінде ауаға азот және көміртек оксиді түріндегі ластағыш заттары мөлшерден бірнеше есе артық төгіліп келгені анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ қара алтын өндіруші мекеме экология департаменті мамандарының таққан айыптарымен келіспей, облыстағы мамандандырылған ауданаралық сотына бірнеше рет шағым түсіріпті. Мән-жайды саралаған сот органдары экологтардың ұйғарымы дұрыс деген шешім шығарды. Жалпы жыл басынан бері табиғат пайдаланушы компаниялар 52 рет өрескел заң бұзған. Олардан 744 миллион теңге айыппұл өндірілді.

Толыбек Әбдіхалықов, облыс бойынша экология департаментінің бөлім басшысы:

– Шарттарға, жобалық құжаттарға сәйкес жекелеген алауларға газды жағуға рұқсат берілмейді. Соның нәтижесінде кен орындарында алауларды бей-берекет жағу деген мәселе жүйеге түсіп келе жатыр. Департаментпен ірі мұнай өндіруші компанияларға жыл сайын қоршаған ортаны қорғау саласындағы профилактикалық бақылау шараларын жыл сайын жүргізіп отырамыз.

Хабар 24 телеарнасы