420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

COVID-19: Украинада төтенше жағдай режимі жыл соңына дейін ұзартылды

  • 169
  • UPD: 11:39, 29.10.2020

Украинда коронавирусқа қатысты төтенше жағдай жыл соңына дейін ұзартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тиісті шешім ел үкіметінің кезекті отырысында қабылданды. Үкімет сайтында жарияланған құжатқа сәйкес, мұндай шара елдегі карантиндік шектеулердің ұзартылуымен байланысты. Себебі бұған дейін Украина билігі оны 31 желтоқсанға дейін созған болатын. Оған сәйкес, елде спорттық іс-шаралар ұйымдастыруға тыйым салынады. Ал жоғары оқу орындары қазанның 15-і мен қарашаның 15-і аралығы қашықтан оқыту режиміне көшуі тиіс. Айта кетейік, бүгінде Украинада 363 мыңнан астам адам вирус жұқтырған. 7 мыңдай кісі қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы