425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы қаласының Түрксіб ауданында өзен арналары тазаланып жатыр

  • 202
Алматы қаласының Түрксіб ауданында өзен арналары тазаланып жатыр

Жаз айынан бастап ауданнан 95 мың текше қоқыс төгілген.

Бұл туралы Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров өзінің Facebook желісіндегі парақшасына жазды.

Аудан басшысының сөзінше, арналарды тазарту күнде жүзеге асады.

«Бұл бағыттағы күн сайынғы жұмыстарға қарамастан, шығарылатын қоқыстың көлемі азаймай тұр. Өзен арналарында бейтаныс адамдар құрылыстық және тұрмыстық қалдықтарды тастап кетеді», – дейді әкім.

Жаз басынан бері 93 210 текше қоқыс шығарылып, күн сайын 10 жұмысшы, 2 техника жұмылдырылған.

Түрксіб ауданындағы 5 өзен арнасы бар: Қарасу, Бас Қарасу, Кіші Алматы, Жарбұлақ және Сұлтан Қарасу.

Хабар 24 телеарнасы