422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бүгіннен бастап Алматы облысында карантиндік шектеу шаралары күшіне енді

  • 347
  • UPD: 13:26, 29.10.2020

Қаулы бойынша аймақтағы кинотеатрлар, караоке мен түнгі клубтар, көңіл көтеру орындары, аттрациондар мен бассейндер қызметін тоқтатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы қандай мекемелердің жұмысына өзгеріс енгізілгенін аймақтағы тілшіміз Шыңғыс Қалиден тікелей эфирде айтып береді.

Шыңғыс Қалиден, тілші:

- Бүгіннен бастап көлік жуатын және жөндейтін нысандар, ХҚКО кешкі 18:00-ге дейін ғана жұмыс істейді. Жаттығу залдары, ойын-сауық орталықтары 30%-тік, моншалар 50%-тік толтырылым негізінде қызмет көрсетеді. Ал, сенбі мен жексенбі күндері үлкен ғимараттағы киім-кешек, тұрмыстық заттарды сататын және тамақтану орындары толықтай жабылады. Сала мамандарының бұндай қадамға баруына коронавирус жұқтырғандар санының өткен аймен салыстырғанда екі есеге өсіп, 138-ге жетуі себеп болған. Негізінен сырқаттанғандар Еңбекшіқазақ, Қарасай аудандары мен Текелі, Талдықорған қаласында тіркеліп отыр. Қазір өңірде 300-ден аса адам осы індеттен емделіп жатса, соның 120-сы облыс орталығында екен. Олардың бір бөлігі жаңадан салынған мына инфекциялық ауруханаға көшіріле бастады. Аз уақыт ішінде тұрғызылған нысанда науқастар сапалы ем қабылдайтын болады. Жалпы жұқпалы аурудың екінші кезеңіне дайындық туралы сала жетекшісінен сұхбат алғанбыз. Назар аударайық.

Өмірзақ Ниязбеков, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- 5280 орынға 580 ИВЛ апараттары дайын, оттегі концентратының 1070 аппараты бар. Және де екі айлық дәрі-дәрмек қоры дайын және тұрақты қорға 1 млрд 300 млн шығарылған. Сол 1 млрд 300 миллионға дәрі алынған, ол дәріханаларға беріледі. Бірақ тегін емес. 100 млн-ға сатып алынған. Дене қызуын түсіретін препараттар бар. Олардың барлығы тегін әлеуметтік осал топтарға жататын адамдарға тегін беріледі.

Шыңғыс Қалиден, тілші:

- Коронавирустың екінші толқынына дайындық барысында жедел жәрдем қызметін жақсартуға жіті көңіл бөлінген. Осы мақсатта облысқа қосымша 130 шақты автокөлік және 12 жылжымалы медициналық кешен сатып алынған. Жақын күндері жеткізіледі.

Хабар 24 телеарнасы