423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ғалымдар қанттың ішекке қауіптілігі туралы ескертті

  • 163
Ғалымдар қанттың ішекке қауіптілігі туралы ескертті

Американдық ғалымдар қанттың ішек қабынуын тудыратынын дәлелдеді.

Зерттеуді Science Translational Medicine журналы жариялады. Техас университетінің оңтүстік-батыс медициналық орталығының Шаханшах ханның басшылығымен биологтар тышқандарға эксперимент жүргізді. Қантты көп жейтін жануарлар тоқ ішектің қабынуына көбірек бейім екендігі белгілі болды.

Тышқандардағы қабыну үш күннен кейін басталды. Қант ішектің қорғаныс шырышын ыдырататын Akkermansia muciniphila бактерияларының көбеюіне ықпал етеді.

Әлемде шамамен 3,5 млн адам ішектің қабынуынан зардап шегеді.

 

Хабар 24 телеарнасы