422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коронавируспен ауырып жүргенін жасыратындар көбейді

  • 166
  • UPD: 13:42, 29.10.2020
Коронавируспен ауырып жүргенін жасыратындар көбейді

Елордада коронавирус жұқтырғандар арасында әйел адамдардың саны артып, 53%-ті құрады.

Бұл туралы бүгін қала әкімдігі өкілдері онлайн брифинг барысында хабарлады. Күн сайын ауру белгілері бар 30 шақты адам анықталып жатыр. Алайда халық арасында сырқаттанып қалғанын жасырып жүргендер де көбейді. Салдарынан дәрігерлер уақытылы жәрдем көрсете алмай жатыр. Ауырғандар қатарында мектеп оқушылары да аз емес. Зертханалық талдау нәтижесінде 18 бала коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Айта кетейік, олардың 15-і қашықтан білім алып жүр. Жалпы оқу жылы басталғалы 30 оқушы ауырып қалды. Эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауынан қалада карантин режимін жеңілдету әзірге болмайды.

Хабар 24 телеарнасы