424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында эпидемиологиялық ахуал нашарлап барады

  • 197
  • UPD: 13:51, 29.10.2020
Алматы облысында эпидемиологиялық ахуал нашарлап барады

Бүгіннен бастап Алматы облысында жаңа карантиндік шектеу шаралары күшіне енді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаулы бойынша аймақтағы кинотеатрлар, көңіл көтеру орындары, аттракциондар мен бассейндер қызметін тоқтатты. Көлік жуатын және жөндейтін нысандар кешкі 18:00-ге дейін ғана жұмыс істейді. Жаттығу залдары, ойын-сауық орталықтары 30%, моншалар 50% толтырылым негізінде қызмет көрсетеді. Ал, сенбі мен жексенбі күндері киім-кешек, тұрмыстық заттар сатылатын үлкен сауда үйлері және тамақтану орындары толықтай жабылады. Мейрамханалар дайын асты жеткізіп берумен ғана шектелмек. Шектеулер өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауынан енгізіліп отыр. Коронавирус жұқтырғандар саны өткен аймен салыстырғанда екі есеге өсіп, 138-ге жеткен. Науқастардың көбі Еңбекшіқазақ, Қарасай аудандары мен Текелі, Талдықорған қаласында тіркелген. Қазір өңірде 300-ден аса адам осы індеттен емделуде, олардың 120-сы облыс орталығында. Науқастардың бір бөлігі жаңадан салынған инфекциялық ауруханаға көшіріле бастады. «Жалпы індеттің екінші кезеңіне дайындық жұмыстары аясында өңірде тиісті қондырғылар сатып алынды дейді», - сала жетекшісі.

Өмірзақ Ниязбеков, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- 5280 орынға 580 ИВЛ апараттары дайын, оттегі концентратының 1070 аппараты бар. Екі айлық дәрі дәрмек қоры дайын және де тұрақты қорға 1 млрд 300 млн шығарылған. Сол бір млрд үш жүз млн-ға дәрі алынған ол аптекаларға беріледі. Бірақ тегін емес. Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасымен сатып алынған вирусқа қарсы, дене қызуын түсіретін препараттар бар. Олардың барлығы әлеуметтік осал топтағы азаматтарға тегін беріледі. 

Хабар 24 телеарнасы