425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Карантин талаптарын орындамаған кәсіпкерлерге айыппұл салынды

  • 145
  • UPD: 17:14, 29.10.2020
Карантин талаптарын орындамаған кәсіпкерлерге айыппұл салынды

Кәсіпкерлер карантин режимін бұзуды тоқтатар емес.

Осы орайда соңғы 4 ай ішінде 405 бизнес өкіліне жалпы сомасы 140 миллион теңге айыппұл тағылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың басым бөлігі тамақтану орындары, сұлулық салондары, ойын клубтары мен қонақ үй қожайындары. Өткен 2 күн ішінде мамандар мониторинг жүргізіп, тағы 300-ге жуық нысанды тексеріп шықты. Олардың 49-ы тәртіпті бұзғаны анықталды. Арасында жаппай отбасылық іс-шаралар өткізу, тамақтану объектілеріне келушілер санының артуы, сатушылар мен келушілердің бетперде тақпауы, антисептиктер мен дезинфекциялық кілемшенің болмауы, әлеуметтік қашықтықты сақтамау, жұмыс режимін бұзу деректері көп. Арнайы мониторинг топтарының мүшелері кәсіпкерлерге инфекция таралуына жол бермеу үшін қажетті шаралар бойынша түсініктеме жұмыстарын жүргізді.

 

 

Хабар 24 телеарнасы