423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

2021 жылғы экономиканың нақты өсіміне болжам жасалды

  • 117
  • UPD: 14:45, 29.10.2020
2021 жылғы экономиканың нақты өсіміне болжам жасалды

Халықаралық ұйымдар Қазақстан экономикасының биылғы нақты өсімін -2,3%-тен -2% аралығында бағалап отыр.

Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді. Министрдің айтуынша, келер жылы тұрақты өсім болуы мүмкін. Мұнайдың есептік бағасын ескере отырып, болжамдық бағаны 20 доллардан 40 долларға дейін арттыру ұсынылады. Нақтыланған жоспар бойынша мұнай көлемі 85 млн тонна, ал тауарлар экспорты 45,5 млрд долларға дейін артса, импорт 33,8 млрд доллар болады. Осылайша, сауда айналымы 3,2 млрд-қа ұлғаяды.

Хабар 24 телеарнасы