423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында мердігер мекеме млн-даған қаражатты алып, із-түзсіз жоғалған

  • 168
  • UPD: 15:25, 29.10.2020
Атырау облысында мердігер мекеме млн-даған қаражатты алып, із-түзсіз жоғалған

Атырау облысына қарасты Мақат ауданында бағасы 70,8 және 54,7 миллион тұратын екі жоба мердігер мекеменің жауапсыздығынан аяқсыз қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

2017 жылы аудан орталығын абаттандыру мақсатында екі демалыс алаңын жасақтау қолға алынған еді. Жоба бойынша бұл арада гүлзар, су бұрқағы және ойын алаңы болуы тиіс. Алайда, төрт жыл бойы аяқталмған құрылыс орнында қазір қаңыраған ғимараттар мен жартылай төселіп, тозып кеткен төсемтастар ғана қалды. Тендерді жеңіп алған тараздық «Масштаб Строй Групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бөлінген ақшаның басым бөлігін игерген соң із-түзсіз жоғалыпты. Енді жергілікті билік жауапсыз мердігерді сотқа бермек.

Қаржау Сағынбайұлы, аудандық құрылыс бөлімінің басшысы:

- Қазір аудандық прокуратураның бастамасымен ішкі аудит мекемесіне жіберіп жатыр. Олар тексеріп анықтағаннан кейін бұл обьект қашан бітетіндігі, қашан пайдалануға берілетіні сол кезде нақты айтылады. Мердігер мекеме ешқандай телефондарын көтермейді. Біз оларға хат та жібердік. Сот орындаушылардың өздері де оларды табуда қиындық көріп келеді.

 

Хабар 24 телеарнасы