422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

5G-ге көшу 2022 жылға дейін кезең-кезеңімен жүргізіледі

  • 164
5G-ге көшу 2022 жылға дейін кезең-кезеңімен жүргізіледі

Бүгін ОКҚ-інде өткен брифингте ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында берген тапсырмаларының іске асырылу барысы туралы баяндады. 

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі баяндама барысында байланыс сапасын жақсарту, интернетпен қамту мәселелерін қозғады. 

«Республикалық маңызы бар қалаларда іске асыру жоспарланған. Мұнда күрт көшу болмайтынын түсіну керек. 3G, 4G стандарттарына қолдау көрсетіледі. Бұл сізде бар құрылғыларды бүгін және 5G енгізілгеннен кейін пайдалануға болатындығын білдіреді. Әрине, біз барлық қалада белгілі бір проблемалар бар екенін түсінеміз», — деді ол.

Хабар 24 телеарнасы