420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан мен Ресей трансшекаралық өзендерді бірлесіп пайдалануды талқылады

  • 153
  • UPD: 16:43, 29.10.2020
Қазақстан мен Ресей трансшекаралық өзендерді бірлесіп пайдалануды талқылады

Новосібір қаласында трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау жөніндегі Қазақстан-Ресей Бірлескен комиссиясының отырысы болып өтті.

Кездесуге тараптардың тең төрағалары Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев пен Ресей Федерациясы Су ресурстары Агенттігі басшысының орынбасары Вадим Никаноров қатысты.

Сонымен қатар жиында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының министрліктері, су шаруашылығы мекемелер, гидрометеорологиялық қызметі, жергілікті атқарушы органдардың және басқа да ұйымдарының өкілдері болды.

Жиналыста екі ел арасындағы трансшекаралық өзендердің барлық бассейндері бойынша жұмыс топтары жетекшілерінің баяндамалары тыңдалды. Тараптар биылғы көктемгі су тасқыны туралы, су қоймаларын толтыру және халық пен экономика салаларын сумен қамтамасыз ету жағдайлары, су ресурстарының ластануы мен сарқылуын болдырмау туралы ақпарат алмасты.

Жайық өзенінің экологиялық жағдайы және гидрологиялық режимін жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесу қорытындысында Жайық, Ертіс және басқа ірі өзендер бассейндеріндегі зерттеулер жүргізуге ынтымақтастықты арттыру үшін бірыңғай жол картасы бекітітілді.

 

Хабар 24 телеарнасы