425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тұрғын үй кешендеріне оптикалық желіні орнату міндеттеледі

  • 181
  • UPD: 17:56, 29.10.2020
Тұрғын үй кешендеріне оптикалық желіні орнату міндеттеледі

Бұдан былай арнайы оптикалық каналдары жүргізілмеген тұрғын үй кешендерін пайдалануға беруге тыйым салынуы мүмкін.

Бұл жоба интернет пен байланыс сапасын жақсарту мақсатында жасалып отыр. Осы мәтіндегі ұсынысты инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі инфрақұрылымдық даму министрлігіне жолдаған. Қазір бұл ұсыныс мұқият қаралып жатқан көрінеді. Тіпті алғы келісім-шарттар да жасалған. Министрлік интернет байланысын жақсарту мақсатында тағы бірқатар кешенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. 

Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

- Біз оптиканы ауылға жеткіздік. Ал оны үйлерге кіргізу жеке, яғни мобильді интернет болып табылады. Осылайша 928 елді мекенге арнайы антенна қойылып, оларға базалық станция орнатылып, 600 мың адамға интерент таратылады.

Хабар 24 телеарнасы