423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында жол апаты жиіледі

  • 201
  • UPD: 18:55, 29.10.2020
Ақтөбе облысында жол апаты жиіледі

Ақтөбе облысында жол-көлік апаты көбейген. Былтыр апат саны 35 процентке артыпты.

Жол апатынан көз жұмғандар 15, жарақат алғандар  47 процентке өскен. Бұған өңірдегі жолдың жағдайы себеп-дейді Сенат депутаты Бауыржан Қаниев. Осы орайда депутат Үкіметке сауал жолдап, «Орталық-Батыс» көлік дәлізі жобасының жайын көтерді. Бұл ірі жол құрылысы елорданы Қостанай, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарымен қосады. Ақтөбе облысы аумағынан тасжолдың 518 шақырымы өтеді. Депутат «Қандығаш-Шалқар-Ырғыз» учаскесі бойынша құрылыс жұмыстарына қаржының қайдан және қашан бөлінетінін сұрады. Оның айтуынша, республикалық маңызды жол жаңғыртылса, облыс экономикасының дамуына оң әсерін тигізеді.

Бауыржан Қаниев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Мемлекет басшысы 2019 жылдың 22 мамырында Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келген кезде, облыс активі респубикалық маңызы бар «Қандығаш-Шалқар-Ырғыз» тасжолының жайын көтерген еді. Президент аталған жол учаскесінің стратегиялық маңыздылығын ескере отырып, Үкіметке бірқатар тапсырма берген болатын. Оның бірі 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында автокөлік  жолын жаңартуға қаржы бөлу мәселесі еді.

Хабар 24 телеарнасы