422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да карантиннің сақталуын қадағалау тәулік бойы жүргізіледі

  • 166
  • UPD: 21:48, 29.10.2020

Өскеменде соңғы бірнеше күнде коронавирус індеті өршіп кетті. Өткен тәулікте 139 адам індеттің ілмегіне ілінген. Бұл еліміз бойынша ең жоғарғы көрсеткіш. Эпидемиолог мамандардың айтуынша, аурудың бұлай өршуіне халықтың қарапайым санитарлық ережені сақтамауы себеп. Сондықтан қарашаның бірінен бастап аймақтағы қала, аудандарға санитарлық бекеттер қойылады. Дүкендер мен сауда орындарында карантиндік ереженің орындалуын арнайы мониторингтік топ қадағалайды. Олар тәулік бойы рейд жүргізеді.

Коронавирус тарағаннан бері өңірде бүгінге дейін бұл індетке 9362 адам шалдықса, олардың 90 проценті   емделіп шықты. Дегенмен, соңғы  кездері ауру қайта өрши бастады. Мұны эпидемиолог мамандар тұрғындардың қарапайым санитарлық ережені сақтамауымен байланыстырып отыр. Тіпті карантиндік шектеулерге ай сайын өзгеріс енгізіп, бақылауды күшейткенмен әзірге нәтиже болмай тұр. Сол үшін қарашаның бірінен бастап, санитарлық бекеттер қайта  қойылады.  

Талғат Тұңғышбаев, облыстың мемлекеттік Бас санитарлық дәрігерінің м. а:

- Санитарлық бекеттерде термометрия міндетті түрде болады. Тексеру. Ол жерде медиктер кезекшілік жұмыс атқарады. Сол жақтан ол жағын қарастырамыз. 

Қарастыра келе  мамандар тек Өскеменнің кірер-шығар жолдарына 7 бекет қоймақ. Ол бекеттерде әзірге арнайы рұқсат қағаз  талап етілмейді. Дегенмен, кейбір тұрғындар  санитарлық талаптардың күшеюін құптамайды. 

БЛИЦ:

- Масочный режим соблюдаем, ни ребенка забрать без пропуска, был карантин нас отрезали от города, даже не могли в аптеку съездить.

- Я вижу маску, она с вами?

- Она всегда наготове.

Санитралық бекеттерде азық-түлік  және күнделікті  тұрмысқа қажетті тауар тасымалдаушыларға шектеу болмайды. Ал қаладағы ойын-сауық орталықтары мен көлемі үлкен сауда орындары уақытша жабылады. Өйткені соңғы 10 күнде Өскеменнің өзінде карантин ережесін өрескел бұзған 200-ден аса кәсіпкер анықталды.

Маржан Бақыт, «Шығыс адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі:

- Қазіргі таңда  10 нан кейін жұмыс жасап тұрған мынау мейрамханалар азық-түлік дүкендері осының барлығы ереже бұзушылық болып табылады. Қазір полиция өкілдері СЭС өкілдері нақты шаралар қолданып, хаттамалар толытыратын болады. 

Хаттама толтырып  қана қоймай карантин ережесін елемеген сауда-саттық нысан иелерінің жұмысы болашақта үнемі қадағалауда болмақ. Ал қала, аудан және  облыс орталығына кіреберістеріне қойылған  бекеттердегі кезекші  полиция  мен санитарлық-мамандар тәулік бойы жұмыс істейтін болады.

Олжас Керейхан, Жігер Бабаханов

Хабар 24 телеарнасы