425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Екі балаға зорлық жасаған педофил ақталып шықты

  • 186
  • UPD: 21:10, 29.10.2020

Шығыс Қазақстан облысында екі бірдей кішкентай балаға зорлық көрсетті деп айып тағылған күдікті ақталып шықты.

Жеткіншектердің анасының айтуынша, іссапарда жүрген кезде оның 4 және 9 жастағы екі баласына өгей әкесі зорлық-зомбылық көрсеткен. Қорлыққа шыдамаған жеткіншек хат жазып қалдырып, үйден қашып кеткен. Сол кезде ғана туыстары сұмдық жағдайдан хабардар болған. Қылмыстық тексеру кезінде күдіктіге тағылған айып расталып, алғашқы сот отырысында ол кінәсін толық мойындаған. Сөйтіп, оны 16 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шықты. Алайда кейін сотталушының туған-туысы адвокат жалдап, күдіктіні ақтап алыпты. Екінші алқа билер отырысында одан барлық айып алынды. Сот өкілдері бұл шешім әлі заңды күшіне енген жоқ дейді. Ал заңгерлер бұл іске қоғам назарын аудару керек деп санайды.

Дина Смаилова, қоғамдық қор жетекшісі:

- Әрбір шағын қаладағы алқа билер сотында бір-бірін білетін,қандай да бір тамыр таныстығы бар адамдар болуы әбден мүмкін ғой.Ендеше олар қабылдаған шешім қаншалықты әділ,қаншалықты  дұрыс деп айта аламыз. Менің ойымша, біздің қоғам бұндай істі алқа билер сотында қарауға әлі дайын емес.

Хабар 24 телеарнасы