422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Бек Эйр» жолаушылардың билетке төлеген ақшасын қайтаруға міндеттелді

  • 174
  • UPD: 23:07, 29.10.2020
«Бек Эйр» жолаушылардың билетке төлеген ақшасын қайтаруға міндеттелді

«Бек Эйр» әуе компаниясы 500-ден астам жолаушының билетке төлеген ақшасын қайтарып беруге міндеттелді.

Бүгін Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты осындай шешім шығарды. Жолаушылардың мүддесін Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті қорғады. Сот шешімі бойынша әуе компаниясы міндетін орындамағы әрі әуе рейстерінің кейінге шегерілуіне байланысты жолаушыларға жалпы көлемі 34 млн теңгеден астам қаржыны қайтарып беруі қажет. Өткен жылы желтоқсанның 27-сі күні Алматы халықаралық әуежайында «Бек Эйр» компаниясының ұшағы апатқа ұшырап, 12 адам қаза тапқан еді. 23 адам түрлі дене жарақатын алған болатын.

Рамшит Әбдіқаниев, Түрксіб аудандық сотының кеңсе меңгерушісі:

- 2020 жылғы 29 қазан күнгі сот шешімімен ҚР Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің жоғарыда аталған талап қою арызы қанағаттандырылды. Сот «Бэк Эйр» АҚ бұрын сатып алынған әуе  билеттері үшін  541 өтініштер негізінде  жалпы» мөлшері 34 млн 129 мың 373 теңгені құрайтын сомманы өтеуге міндеттеді.

Хабар 24 телеарнасы