423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды қар астында қалуы мүмкін

  • 213
  • UPD: 08:51, 30.10.2020
Қарағанды қар астында қалуы мүмкін

Себебі қаладағы жол тазалығына жауапты 4 мердігердің үшеуі бөлінген қаржының таусылуға шақ қалғанын айтып, дабыл қағуда. деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал бір компания берілген ақшаны әлдеқашан игеріп тастаған. Салдарынан Майқұдық ауданының жолдарын бір айдан бері ешкім тазаламай отыр.

БЛИЦ:

– Қаланың ішін ғана тазалайды, Майқұдыққа онша мән бере бермейді.

– Мен тазалап жүрген техника көрген жоқпын кешеден бері.

– Вокзалдың маңайы мен әкімдік қана. Былтыр мен жол тазаланғанын көрген жоқпын. Майқұдық туралы мүлдем айтпай-ақ қояйын. Тазалап жүрген трактор көрген жоқпын.

Қылаулаған қар күндіз еріп, кешкілік көк мұзға айналады. Соның кесірінен жол апаты жиілеген. Сондықтан жаяу жүргіншілер өтетін жерге, қауіпті бұрылыстарға міндетті түрде тұз араласқан құм себу керек дейді тәртіп сақшылары. Ал Майқұдық ауданында оны атқаратын ешкім жоқ. Негізі мердігерлермен бір жылға келісімшарт жасалады. Бірақ қаржы нақты жұмыс көлеміне қарай бөлінеді. Жыл басында қар қалың түскендіктен берілген ақша көктемде таусылып қалған. Қазір қосымша қаржы бөлу жағы қарастырылып жатыр. Ал қыс болса қыр астында.

Еркебұлан Кәрімғожин, қалалық полиция басқармасының бас мемлекеттік автоинспекторы:

- Жол-техникалық инспекциясының мамандары Қарағандыдағы барлық жолға тексеріс жүргізді. Қаланың шеткі аудандарында көп көшелер қардан дер кезінде тазаланбаған, құм себілмеген. Ол жайында біз жергілікті әкімдікке ақпарат жібердік және бұл жұмысқа жауапты мердігер компанияға ескерту жасадық.

Хабар 24 телеарнасы