423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысының полицейлері 32 есірткі сайтын бұғаттады

  • 167
  • UPD: 10:50, 30.10.2020
Атырау облысының полицейлері 32 есірткі сайтын бұғаттады

Атырау облысының полицейлері 32 есірткі сайттарын бұғаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысының Полиция департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша бірқатар жұмыс жүргізді. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы санынан анықталған есірткі қылмыстарының үлесі 3,1%-ті құрайды.

– Тіркелген есірткі қылмыстарының жалпы санынан есірткіні өткізу фактілері 39,6%-ті ды құрайды. 32 сайт анықталып, бұғатталды, – деді Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Барлығы 42 ауыр қылмыс тіркелді. Олардың ашылуы 77,5% құрады (2019 жылы 71,4%). Бүгінгі күні заңсыз айналымнан 16 кг-нан астам есірткі заты тәркіленді. Оның ішінде: 13 кг 831 гр марихуана, 3,27 гр экстракциялық және 0,91 гр синтетикалық есірткі.

Хабар 24 телеарнасы