425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Болашақ» стипендиясының 25 иегері шәкіртақысынан айырылды

  • 150
«Болашақ» стипендиясының 25 иегері шәкіртақысынан айырылды

25 адам «Болашақ» стипендиясынан айырылды. «Бұл туралы Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Айнұр Кәрбозова айтты», – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссияның күн тәртібінде екі мәселе болды. Біріншісі конкурстық іріктеуден өткен үміткерлерге «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы, екіншісі  «Болашақ« халықаралық стипендиясының жекелеген иелерін келісімшарт міндеттемесін орындамауына байланысты одан айыру туралы. Конкурстық іріктеудің екі кезеңінен сәтте өткен 57 үміткерге стипендия тағайындалды», – деді Айнұр Кәрбозава отырыстан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол екінші мәселе бойынша келісімшарт міндеттемесін орындамаған 25 стипендиатқа қатысты жан-жақты қаралып, оларды стипендиядан айыру туралы шешім қабылданғанын атап өтті.

«Екінші мәселеге қатысты айтар болсам, академиялық бағдарлама аяқталғаннан кейін магистр дәрежесін алмаған және оқуын аяқтамаған стипендиаттарға қатысты болды. Бүгінгі комиссия мұндай 25 шешім шығарды. Олар келісімшарт міндеттемелерін орындамағандары үшін шәкіртақыдан айырылды. Енді олармен мемлекет алдындағы берешектерін өтету бойынша жұмыс жүргізіледі. Аталған азаматтар оқуларына жұмсалған барлық шығынды өтеуі тиіс», – деді ол.

 

Хабар 24 телеарнасы