423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-дағы Тасбұлақ ауылының тұрғындарын қандай мәселелер мазалап отыр?

  • 334
ШҚО-дағы Тасбұлақ ауылының тұрғындарын қандай мәселелер мазалап отыр?

Шығыс Қазақстан облысы Тасбұлақ ауылының тұрғындарын бірнеше өзекті мәселе мазалап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үржар ауданына қарасты елді мекенде 400-ге жуық халық тұрады. Негізінен мал өсіріп, егін салады. Еліміздегі карантиндің шектеулер басталғалы мұндағы интернет жылдамдығының нашарлығынан онлайн оқулардың олқылығы көріне бастапты. Оқушылар мен студенттер ғаламтордан керек дүниесін тауып, сапалы білім ала алмай отыр. Мұнан басқа күрделі мәселе – жол азабы. Қыс түссе, Таскескен-Бақты тас жолынан ауылға дейінгі 18 шақырымды қар алып қалады. Осының кесірінен ауыл тұрғындарының көбі қалаға көшіп кетіпті.

Серікжан Темешов, Тасбұлақ ауылының тұрғыны:

– Мына біз тұрған жерде жолаушыларға арналған үй салынады деген. Өйткені мына жерде боран соғып, жолды алып қалады. Жолаушылар паналайтын үй болу керек, пешін, жататын орындарын бәрін саламыз деген. Айтқан сөз қалды.

Хабар 24 телеарнасы