422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысында адасып кеткен аңшы үш күннен кейін табылды

  • 135
  • UPD: 18:37, 30.10.2020
Қызылорда облысында адасып кеткен аңшы үш күннен кейін табылды

Қызылорда облысы Арал ауданында адасып кеткен аңшы үш күннен кейін табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

27 қазанда саят құрып, аң-құс аулауға шыққан үш азаматтың бірі ен далада серіктерінен көз жазып қалған. Басында өздері із кесіп көрген аңшылар нәтиже болмағаннан кейін полицияға хабар берген. Арнайы мамандар тобы «Көкарал» бөгетінен бастап 30 шақырым аумақты қас қарайғанша кезгенімен, іздеу шаралары нәтижесіз аяқталды. Тек 30 қазанда бір-ақ жергілікті тұрғындардың көмегімен көл маңайындағы батпақты алқапты жаяу шолуға кіріскен құтқарушылар аңшылар тұрағынан 8 шақырым жерден жоғалған азаматты тапқан. Жапан түзде жападан жалғыз адасқан аңшыға алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп, ыстық тамақ берілді. Жалпы жыл басынан бері төтенше жағдайлар департаментінің мамандары осы тектес 72 іздестіру-құтқару операциясын жүргізген.

Нұрсұлтан Ибрагимов, Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің басшысы:

- іздестіру жұмыстары таңғы сағат 06:00-ден басталды. Іздестіру нәтижесінде аңшылармен бірлесіп жоғалған Ақтөбе қаласының Лесной көшесінің тұрғыны Юсупов Руслан есімді азамат табылды қазір. Жағдайы жақсы, медициналық көмекті қажет етпейді. Осындай жоғалу фактілерінің себептері азаматтардың қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтамауы, яғни осындай шараға шыққан кезде байланыс құрал-саймандарымен жабдықталмауынан. Сонымен қатар су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан туындайды.

Хабар 24 телеарнасы