425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәжілісте БАҚ өкілдеріне арналған «Парламент сөзі» сыйлығы табысталды

  • 126
  • UPD: 19:02, 30.10.2020
Мәжілісте БАҚ өкілдеріне арналған «Парламент сөзі» сыйлығы табысталды

Бүгін Мәжілісте БАҚ өкілдеріне арналған «Парламент сөзі» сыйлығы табысталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин депутаттық корпус пен тілшілердің бірлескен нәтижелі жұмысын жоғары бағалап, Бұқаралық ақпарат құралдарының заң шығару процесіне қосқан зор үлесін атап өтті. Байқау нәтижесі бойынша «Хабар 24» арнасының тілшісі Марк Брюшко «Аранайы репортаж» аталымында үздік атанды. Ал, «Парламент сөзі» байқауының арнайы сыйлығы мезгілсіз дүниеден өткен белгілі журналист, танымал тележүргізуші Бейсен Құранбектің құрметіне беріліп, жарына табысталды. Ең үздік сюжет дайындағандар қатарында «Хабар» арнасының тілшісі Индира Жылқайдарова бар.  Ал, «Үздік бейнесурет материалы үшін» «Хабар» арнасының бас операторы Еділ Ермекбаев марапатқа ие болды.

Хабар 24 телеарнасы