422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да коронавирус жұқтырған 35 науқастың жағдайы ауыр

  • 133
  • UPD: 20:32, 30.10.2020
ШҚО-да коронавирус жұқтырған 35 науқастың жағдайы ауыр

Шығыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған 35 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы екі науқастың жағдайын дәрігерлер «аса ауыр» деп отыр. Олардың біреуі Өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Өңірде өткен тәулікте 205 адам инфекция жұқтырған. Жалпы осы аймақта пандемия басталғалы бері 10 мыңға жуық адамның ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткен. Осыған байланысты демалыс күндері сақтық шаралары күшейтіледі.

Ерлан Қиясов, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер:

- Мерекеде және демалыс күндері шектеу күшейтіледі. Тұрғындар арасында вирус таралмауы үшін қоғамдық көлік қозғалысын көбейту керек. Мекеме қызметкерлерінің 80%-ін қашықтан жұмыс істеу форматына көшіріп, жиналыстарды дәстүрлі түрде өткізуге тыйым салу қажет. Азық-түлік базарлары, балалардың ойын алаңы, паркинг, үй кіреберістерінде, лифттерде дезинфекция жұмыстарын тұрақты жүргізу маңызды.

Хабар 24 телеарнасы