423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да қандай сақтық шаралары күшейтіледі?

  • 180
  • UPD: 22:03, 30.10.2020

Шығыс Қазақстан облысында эпидемиологиялық жағдай ушығып барады.

Кешелі бері 205 адамнан коронавирус анықталғанын айттық. Бұл бүкіл ел бойынша тіркелген деректердің жартысынан астамын құрайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов осы өңірге барды. Сала мамандарына індеттің бұдан әрі өршімеуі үшін нақты шешімдер қабылдауды тапсырды. Қазір арна тілшісі Эльмира Ахметова тікелей қосылымға шығып, өлкеде қандай сақтық шаралары күшейтілмек, сол жайында  ақпарат береді.

Диктор:

- Эльмира, сіздерде санитарлық бақылау өткізу пункттері қойылғалы жатқанынан хабардармыз. Бұдан өзге қандай шектеулер бар?

Эльмира Ахметова, тілші:

- Иә, біздің өлкемізде, өкінішке орай, коронавирус инфекциясы күннен күнге өршіп бара жатыр. Жалпы ел бойынша күнделікті мәлімет таратылған кезде де бұл байқалып жүрген болатын. Ал енді міне, соңғы тәулік ішінде 205 адамнан қауіпті кесел анықталды. Бұл шынымен алаңдарлық жағдай.

Сонымен коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында ведомствоаралық комиссияның төрағасы Ералы Тоғжановтың тапсырмасына сәйкес 2 қарашадан бастап Өскеменмен қатынайтын әуе байланысы шектеледі. Мәселен Нұр-Сұлтан қаласынан Өскеменге осыған дейін 17 рейс қатынаса, қазір ол 7-ге қысқарды, Алматымен арада 14 рейс болса, оның тең жартысы алынды және Шымкентпен арадағы 2 рейстің біреуі ғана қалдырылып отыр. Сонымен қатар шектеулер темір жол байланысын да айналып өтпек емес. Мәселен Нұр-Сұлтан – Өскемен бағытындағы пойыз енді аптасына 3 рет емес, 1 рет, ал Алматы – Өскемен бағытындағы пойыз аптасына 7 рет емес, 3 рет жүретін болды. Айта кетейік, әуе көлігі болсын, пойызға отырсаңыз да, ПТР тест нәтижесі қолыңызда болуы қажет. Ал қарашаның бірінен бастап өңірде 13 санитарлық бақылау өткізу пункттері орналастырылады.

Диктор:

-Эльмира, сонда қаладағы,ауыл-аймақ аудан тұрғындары қалай қатынайды, бұл тұрғыда шектеулер бар ма?

- Әрине, шектеулер бар. Мысалы ірі сауда үйлері демалыс және мейрам күндері істемейді. Ал қала ішіндегі қоғамдық көліктер, яғни, автобустар саны азайтылмайды, керісінше, көбейтіледі. Неге десеңіздер, бұл ондағы жолаушылар санының көп болмауы, бір көлікке шамадан тыс адамның отырмауы мақсатында қолға алынған. Сонымен қатар вахталық әдіспен жұмыс істейтіндер міндетті түрде ПТР-тест нәтижесімен жұмысқа келе алады.

Хабар 24 телеарнасы