425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да коронавирус жұқтырғандардың жартысына жуығы егде жастағылар

  • 199
  • UPD: 20:32, 30.10.2020
БҚО-да коронавирус жұқтырғандардың жартысына жуығы егде жастағылар

Батыс Қазақстан облысында да эпидемиологиялық ахуал нашарлап барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тек қазан айының басынан бері 137 адам қатерлі індетке шалдыққан. Науқастардың дені, яғни, 47%-і егде жастағы тұрғындар. Соңғы тәуліктің өзінде 8 жағдай тіркелді. Аймақтағы медициналық ұйымдарда 333 төсек-орын қарастырылған. Қазір облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 71 адам жатыр. Соның алтауы жансақтау бөлімінде. Жалпы өңірде құрылған 158 мониторингтік топ 440 нысан бойынша заң бұзушылықты анықтаған. 317 әкімшілік хаттама толтырылған. Бірақ нәтиже шамалы.

Мұхамғали Арыспаев, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басышы:

- Заң бұзушылықты жіберетін азаматтарға нысандарды біз сот арқылы жұмысын тоқтату матералдарды жинап беріп жатырмыз. Әсіресе, банкеттік залдар бар, үлкен үлкен ресторандар егер де жалдауға беретін азаматтар той жасайтын болса, ол нысандарды тоқтатуға дейін барамыз. Той, садақа мәселесін уақытша тоқтата тұруымыз керек. Ең үлкен мәселе осыда.

Хабар 24 телеарнасы