422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде тұңғыш рет учаскелік полиция инспекторы подполковник шенін алды

  • 141
  • UPD: 00:34, 31.10.2020

Қарағандылық Кәрім Қалиевке қалтқысыз қызметі үшін осындай жоғары құрмет көрсетілген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол 17 жыл бойы табан аудармастан Майқұдық ауданындағы тұрғындардың тыныштығын күзетіп келеді.

Ардақ Асылханұлы, тілші:

- Анығында Кәрім Қалиев қазір майор емес. Күні кеше министрдің қолынан подполковник шенін алған. Бірақ сол шенді иығына тағуға да үлгермепті. Жұмыс көп. Әзірге ол еліміз бойынша осындай жоғары құрметке ие болған алғашқы учаскелік полиция испекторы. Тәртіп сақшысы бақылайтын аумақта соңғы бір жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген.

Кәрім Қалиев, учаскелік полиция инспекторы:

- Жиі кездесетін қылмыс ұрлық қой. Пәтер ұрлығы, мобильді телефондар ұрлайды. Бір жылдан асып кетті. Пәтер ұрлығына, бұзақылыққа жол берілген жоқ.

Кәрім Қалиевтің полиция қатарында еңбек еткеніне 17 жылдан асқан. Сондықтан болар, оны бұл маңайдың тұрғындары жазбай таниды. Қазір ол Майқұдық ауданындағы 2500 тұрғынның тыныштығына жауапты.

№26 учаскелік полиция пунктінде қазір 7 адам еңбек етеді. Соңғы он шақты жыл ішінде материалдық-техникалық базасы анағұрлым жақсарған. Соның нәтижесінде қылмыстың алдын алу жұмыстары да жанданыпты.

Кәрім Қалиев, учаскелік полиция инспекторы:

- Кейбір кезде кейбір тұлғалар әкімшілік жауапкершіліктен құтылып кету үшін бізге айтады, «мұны мен істеген жоқпын» деп. Сол уақытта біз бейнежетондағы түсірілген бейнені көрсетеміз, содан кейін олар өз кінәларын мойындай бастайды. Мұнымен бізге қазір жұмыс жақсартылды.

«Жұмыста ойың жүйрік болу үшін бойыңды сергек ұстау қажет», - дейді Кәрім Қалиев. Сондықтан жаттығу жасап, белтемірге бірнеше мәрте тартылуды күнделікті әдетке айналдырған.

кеше Президентпен болған кездесуден соң Кәрім Қалиев Қарағандыға шабыттанып қайтқан. Себебі учаскелік инспекторлардың жалақысы өседі, баспанамен қамтылады, мәртебесі жоғарылайды. «Ендігі міндет – сол сенімді ақтап, үдеден шығу», - дейді ол.

Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Василий Савкин, Сайлау Игіліков

Хабар 24 телеарнасы