424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында балаларға арналған орталық ашылды

  • 159
  • UPD: 08:41, 31.10.2020
Қарағанды облысында балаларға арналған орталық ашылды

Теміртау қаласында балаларға арналған оңалту орталығы ашылды. Білікті мамандар жаңа туған сәбиден бастап 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қызмет көрсетеді.

Орталық неврология, травматология, кардиология, нейрохирургия бағытында жұмыс істейді. Яғни мұнда операциядан кейінгі оңалту шаралары жүргізіледі. Балалар мемлекеттік тапсырыс негізінде барлық ем-домды тегін алады. 30 адамға арналған орталық тек Теміртау ғана емес, өзге өңірдің балаларын да қабылдайды, дейді бас дәрігер. 

Назерке Әбілдина, оңалту орталығының бас дәрігері:

- Бұрынғы кезде балалар кезекке тұрып, портал арқылы түсіп жатса, яғни бірнеше ай бойы кезегін тосса, біздің орталыққа түсу ерекшелігі –ешқандай кезекке тұрмайды. Өз бетінше келіп қаралуға болады немесе дәрігердің бағыттамасы арқылы келе алады.

Хабар 24 телеарнасы