422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда магнит әйел тұрады

  • 181
  • UPD: 09:37, 31.10.2020

Петропавлда магнит әйел тұрады. Галина Малошенконың денесіне қасық, ожау, қазанның қақпағы секілді ыдыс-аяқпен қатар пластмасс бұйымдар да жабысып қалады. Оған бұл қасиет қайдан дарыды? 

- Алюминий, железо, пластик, даже карты колода висела, телефоны вот висят...

Галина Малошенко бойындағы ерекше қасиетін 5 жыл бұрын байқапты. Шәй ішіп отырған оның денесіне бірінші рет қасық жабысып қалған. Содан бері осылай. Тіпті ұялы телефон, теледидар пульті де асылып тұрады.

Галина Малошенко, қала тұрғыны:

- Себебін білмедім. Дәрігерлерден сұрадым. Олар таңқалып, феномен деді де қойды. Бұл қасиетті ғалымдар да зерттей алмай жүр. Меніңше, тартылыс күші сүйектен тарайтын сияқты. 

Магнит әйел – жан-жақты жан. Он саусағынан өнер тамған шебер. Зейнеткер бос уақытында көрпе – жастық тігеді. Ал соңғы жылдары пластмасс құтылардан құмыра, гүл, тіпті шырша ағашын жасауға ден қойды. 

Галина Малошенко, қала тұрғыны:

- Бұның бәрі өзім үшін. Құр босқа отырғым келмейді. Әйтеуір бірдеңе істеу керек. Ең бастысы, маған қызық. Қалағаным осы болды. 

Галина Малошенко белсенді өмір салтын ұстанады. Ол осылай бұйым жасап сағаттап отырады. Бұл оның өз әлемі – жан рахаты. 

Авторлар: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов

Хабар 24 телеарнасы