423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елжан Біртанов ұсталды ма?

  • 449
  • UPD: 13:40, 31.10.2020

Қаржы министрлігінің қаржылық мониторинг комитеті бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ұсталғаны туралы ақпаратты ӘЗІРГЕ растаған жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал бұл ақпарат бүгін таңертеңнен бері әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Комитеттегілер біздің арнамыздың сұрауына ресми түсініктеме беруден бас тартты.

«Бұған тергеу амалдарының құпиялылығы себеп» дейді олар.

Комитеттің баспасөз хатшысы Арман Жүнісовтың мәлімдеуінше, ресми түсініктеме дүйсенбіде берілетін болады.

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы