424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шетелден ПТР анықтамасыз ұшып келген 62 адам карантинге жабылды

  • 225
  • UPD: 13:26, 31.10.2020
Шетелден ПТР анықтамасыз ұшып келген 62 адам карантинге жабылды

Бүгін елордаға халықаралық әуе рейстерімен келген 62 жолаушы карантинге жатқызылды. Олардың қолында ПТР-анықтама болмаған. Енді бір апта бойы стационарда дәрігерлердің бақылауында болады.

Оқшаулау мерзімі бас санитарлық дәрігердің қаулысына сай өзгертілді. Жалпы өткен тәулікте бас қалаға Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері және Беларусь мемлекеттерінен 799 қазақстандық келді. Басым бөлігінде коронавирус жұқтырмағаны жөнінде анықтама бар. Сондықтан тексерусіз үйлеріне қайтарылды. Айта кетейік, қазір ПТР-анықтамасы жоқ шетел азаматтарының ұшаққа отыруына рұқсат жоқ. Онсыз тек қазақстандықтар ғана елге қайта алады. Сөйтіп, қалаға келген бойда карантинге жатқызылады.

Хабар 24 телеарнасы