425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алексей Цой: Түркі кеңесі денсаулық сақтау жөніндегі ғылыми кеңестің отырысына қатысты

  • 165
  • UPD: 18:31, 31.10.2020

Коронавирусқа қарсы күрес халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның ішінде Түркі кеңесі елдері арасында бірлік пен беріктігіне үлкен сынақ болды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Ыстамбұлда өткен Түркі кеңесі денсаулық сақтау жөніндегі ғылыми кеңесі отырысында осылай деп айтты. Оның сөзінше, мүше мемлекеттер ең қажетті кезеңде бір-біріне қолдау көрсеткен. Осымен төртіншісі ұйымдастырылған шараға Түркі кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әмреев, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге мен Венгрия мен Кеңеске мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау министрлері қатысты. Келелі жиында COVID-19-ға қарсы қабылданған сақтық ережелері бойынша тәжірибе алмасу, өзара қолдау көрсету және мүше төтенше жағдайларда ынтымақтастықты нығайту мәселелері таразыланды.

Фахреттин Қожа, Түркия денсаулық сақтау министрі:

– Өзімізде өндірілген бетперде, арнайы киімдер, дәрі-дәрмек пен респираторларды бауырлас елдермен бөлісіп келеміз. Коронавирус жөнінде білім кеңесіне мүше мамандарымыз тиісті мемлекеттерге барып, тәжірибе алмасты. Одан бөлек, видео конференция арқылы бірқатар елдің ғалымдарымен кездесу өткізіп, пікір алмасамыз.

Хабар 24 телеарнасы