425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында полицияның 200 учаскелік пункті қызметтік үй-жайымен бірге салынған

  • 257
  • UPD: 09:48, 01.11.2020
Алматы облысында полицияның 200 учаскелік пункті қызметтік үй-жайымен бірге салынған

Алматы облысында үй-жайымен бірге салынған 200 учаскелік пункт жұмыс істеп тұр. Алдағы жылы тағы 38-і пайдалануға беріледі. Полиция қызметіне мұндай тәжірибе бірнеше жыл бұрын енгізілді.

Қазір тірек пункттерінің бәрі ғаламтор желісіне қосылған. Елді мекендерде полиция қызметкерлері мен тұрғындардың әлеуметтік желі арқылы байланысатын ортақ тобы ашылып жатыр.

Учаскелік инспектор Ұлан Ермұхатов полиция қызметіне үш жыл бұрын келді. Ол осы уақыт ішінде өзін кәсіби маман ретінде көрсете білді. Нұр-Сұлтан қаласында өткен учаскелік инспекторлар слетіне үздік қызметкер ретінде қатысып қайтты. Аға лейтенанттың үй-жайы мен жұмыс орыны бір жерде орналасқандықтан қоғамдық тәртіпті тәулік бойы қадағалаға тура келеді.

Оразкүл Жансұлтанова, Сарыөзек ауылының тұрғыны:

- Жұмысында постоянно тұрады. Ашық тұрады. Адамдар көп келеді. Халыққа жақсы, қолайлы. Жұмыс орындалып жатыр.

Ұлан Ермұхатов, учаскелік инспектор:

- Бұрын осы опорный пункт болмай тұрғанда пәтер жалдап тұратынбыз. Қазір міне жұмысым да, үйім де осында. Бала-шағаммен бірге, өте ыңғайлы. Автокөлігін берді қызметтік, көмір түсіріп береді. Опорный пункттің светін, суын, бәрін үкімет төлейді.

– Ал үйді?

– Үйді жеке, өзім төлеймін үйдікін.

Үй-жай мен жұмыс орнының бір жерде болғаны өте тиімді. Мұндай пікірді учаскелік инспектордың зайыбы Айгүл Ермұхатова айтты. Бірақ ол жарының зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі жағдайына алаңдайды.

Айгүл Ермұхатова, Ұлан Ермұхатовтың зайыбы:

- Ең бірінші келгенде квартирада жүрдік. Қазір осы үй барына тәубә. Папамыз қазір жұмыста ғой енді. Кейін пенсияға шығып жатса, біз қайда барамыз деген бізде сондай не бар, мәселе бар. Балалар өсіп келе жатыр өздеріңіз түсінесіздер. Мемлекет енді бізге арзан процентпен депозит ашып берсе, сондай бір жағдай жасаса бізге енді. 

«Кербұлақ ауданындағы елді мекендердің барлығында үй-жайымен бірге салынған тірек пункттері жұмыс істеп тұр. Бұл практика біз үшін өте маңызды», – дейді аудандық ведомство басшысы. 

Ербол Ахметқалиев, Кербұлақ аудандық полиция бөлімінің бастығы:

- Үйімен бірге салынған учаскелік пункттердің бір ыңғайлысы – ол жаңағы халықтың түс уақытында, басқа да түнгі уақытта да учаскелік инспекторларға өздерінің арыз-шағымдарын уақытында айтуына, жеткізуіне өте ықпалын тигізіп жатыр. Осы себепті қылмыстың саны 30 процентке төмендеп отыр.

Ауылдағы полиция қызметінің жағдайы жақсарғанымен қаладағы учаскелік инспекторлар әлі күнге дейін пәтерді өздері жалдап тұрады және оны жиі ауыстыруға тура келеді. Бұл әрине олардың алаңсыз жұмыс істеуіне кедергі келтіреді.  

Таңат Сайлаубаев, Талдықорған қалалық жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы:

- Пәтер жалдап тұрамын. Пәтерге 23 мың теңге төленеді айына 1 адам басына. Біз жұмысбасты болғандықтан күнделікті жұмыстамыз. Тек ғана үйге қонуға ғана барамыз. Сіз айтып отырсыз ғой медиктерге үй салып берді деп, сол сияқты үй салып берсе, онда бізге жақсы болар еді. Бір жағынан көмек болады.

Полиция қызметінің автопаркі жыл сайын жаңартылып тұрады. Мәселен, жергілікті бюджет қаржысына биыл 75 темір тұлпар сатып алынған.

Мейір Демеубаев, облыстық полиция департаменті ЖПҚБ бастығының орынбасары:

- Әрбір учаскелік полиция тіректерінде әлеуметтік желілерді ашып жатырмыз. Әлеуметтік желілерде чаттар аштық әрбір учаскелік полиция тіректерінде, сонымен қатар ІІМ ұсынысы бойынша телеграмм каналдар ашылып, барлық учаскелік полиция инспекторлары чатқа қосылып, өзара байланыста жұмыс атқарып жатыр.

Ведомство басшыларының айтуынша, учаскелік инспекторлар әлі де жеткіліксіз. Ауылды жерлердегі инспекторлардың әрқайсысы 1800 адамға, ал қаладағылар 2300 тұрғынға қызмет көрсетуі тиіс. Алайда бүгінде олардың жүктемесі бекітілген нормадан 3-4 есеге дейін асып кеткен.

Ардақ Айбарұлы, Гүлнар Жантасова, Қуаныш Түргенбаев

Хабар 24 телеарнасы