425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында 3 санитарлық бекет қойылады

  • 213
  • UPD: 19:26, 01.11.2020
Қарағанды облысында 3 санитарлық бекет қойылады

Коронавирус елдің орталық аймақтарына да әбігер туғызды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қарағанды облысында 4 қарашадан бастап 3 санитарлық бекет іске қосылады. Олар Қызылорда - Павлодар тасжолындағы Молодежный кентінің маңы. Павлодар - Баянауыл - Бұқар жырау - Қарағанды автожолындағы Үміткер кентінің маңы да осы қатарда. Және Қарағанды - Аягөз - Бұғаз тасжолының 271-шақырымы мен Кентөбе кентінің маңы бар. Сондай-ақ осы бекеттер арқылы жүріп-тұруға рұқсат беретін «propusk.kz» порталы жұмыс істейді.

Еске сала кеткен жөн, санитарлық бекеттерде полиция қызметкерлері мен дәрігерлер кезекшілік етеді. Олар жүргізушілер мен жолаушылардың денсаулығын тексереді. Бақылау барысында адамның дене қызуы өлшеніп, сауалнама жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы