422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда мұнай өнімдерін тасымалдау мерзімі ұзартылмақ

  • 93
  • UPD: 09:54, 02.11.2020
Павлодарда мұнай өнімдерін тасымалдау мерзімі ұзартылмақ

Қазақстанға ашық түсті мұнай өнімдерін шетелден тасымалдауға қатысты шектеу шараларының мерзімі ұзартылады.

Салалық министрлік келер жылдың сәуір айына дейін елімізге дизель отынын импорттауды уақытша тоқтатпақ. Қазір осы мәселе қаралып жатыр. Шектеу қысқы және арктикалық отыннан басқа өзге өнімдерге қатысты болмақ. Бұл туралы еліміздің Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Павлодар облысына жұмыс сапары кезінде мәлімдеді. Оның айтуынша, әлемде және елдегі экономикалық белсенділіктің төмендеуіне байланысты мұнай өндіру көлемі 90 млн тоннадан, 85 млн тоннаға төмендеген. Ал қайта өңдеу көлемі 17 млн тоннадан 16 млн тоннаға азайды. Оның ішінде дизель отынының үлесі – 4,6 млн тонна. Министр өңірге іссапары барысында жылу электр станциялары мен мұнай-химия зауытының жұмысымен танысты. Айта кетейік, Павлодар мұнай химия зауыты 2023 жылға дейін «Ертіс» кешенді жобасын жүзеге асырмақ. Жаңа өнім саналатын қысқы дизель отынын өндіру жобасының құны – 38 млн теңге. Кешенді жұмыс шеңберінде сутегі өндірісі де іске қосылып, сұйытылған газдарды сілтілі тазарту қолға алынбақ.

Нұрлан Ноғаев, ҚР Энергетика министрі:

– Мұнай зауыттарында дизельдің артық қоры жиналып қалуы мүмкін. Сондықтан мұнайдың бұл түрін импорттауға шектеу қойылады. Министрлік қазіргі уақытта мәселені қарастырып жатыр. Өзге мұнай өнімдері бойынша барлығы тұрақты. Бүгінгі күнге дейін қабылданған шаралардың арқасында кәсіпорындар тұрақты жұмыс істеп жатыр. Ішкі нарықта мұнайға қатысты мәселе жоқ.

Хабар 24 телеарнасы