423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда бос тұрған ғимараттар әлеуметтік нысандар ретінде беріле бастады

  • 104
  • UPD: 10:34, 02.11.2020
Алматыда бос тұрған ғимараттар әлеуметтік нысандар ретінде беріле бастады Almaty.tv

Жұмысы тоқтап тұрған ғимараттар әлеуметтік нысандар – мектептер, балабақшалар, емханаларға беріледі.

Биыл қала республикалық меншіктен бос тұрған екі нысанды қабылдады:

- Түрксіб ауданындағы Тынышбаев көшесі, 4/6 мекенжайындағы, ауданы 491,3 ш. м үш литерден тұратын кешен қайта жаңартылғаннан кейін психоневрологиялық патологиялары бар мүгедек балаларға арналған 60 орынға есептелген күндіз қабылдайтын орталық ашу жоспарлануда.

- Бостандық ауданындағы Алмалы бақ көшесі, 4А, ауданы 196,9 ш. м тұрғын үйдегі ғимаратты «Бақытты отбасы» кешенді бағдарламасы аясында бұл жерде «Іскер Ана» орталығын ашу жоспарлануда.

«Жеке және заңды тұлғалар мүлікті қала сыйына өтеусіз берген кезде сыйға тарту әдісі – бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің үлгісі болып табылады», — деп атап өтті Алматы мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Р.Әлиев.

Жеке заңды тұлғалардан сыйға тарту шарты бойынша үш нысан қабылданды:

- Бостандық ауданында Егізбаев көшесі, 7А, ауданы 3115,7 ш. м болатын балабақша.  Мұнда 150 орынға есептелген №191 мемлекеттік балабақша ашылды. Балабақша тұзды шахтамен және сенсорлық бөлмелермен жабдықталған.

- Алмалы ауданындағы Мәуленов көшесі, 46 мекенжайындағы «Elit Towеr» тұрғын үй кешенінің бірінші қабатындағы ауданы 217,1 ш. м тұрғын үй емес ғимаратты жергілікті тұрғындардың қажеттіліктерін ескере отырып, оқырмандарға қызмет көрсету үшін ашық аймақтармен коворкинг-орталық кітапханасын ашу көзделеді (оның ішінде тілдерді оқыту курстары, түрлі үйірмелер бар).

- «Атакент» КІЫО аумағындағы абаттандыру объектілері — орындықтар, урналар, субұрқақтар. Аудан әкімдігі коммуналдық меншікке өткеннен кейін, уақытылы қызмет көрсетуді және күтім көрсетуді ұйымдастырды.

Ауданы 59,5 ш. м болатын Жетісу ауданындағы бос тұрған ғимаратты коммуналдық меншік объектілерін қайта бөлу арқылы домбыра мектебі ашылды. Онда балалар халық аспаптарында ойнауды тегін үйренеді.

Хабар 24 телеарнасы