424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысына 4 қарашадан бастап үш санитарлық бекет қойылады

  • 180
  • UPD: 13:00, 02.11.2020
Қарағанды облысына 4 қарашадан бастап үш санитарлық бекет қойылады

Қарағанды облысында 4 қарашада түнгі сағат 00:00-ден бастап сыртқы шекараларға кіріп-шығуды бақылау мақсатында үш санитарлық бекет жұмыс істейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сол бекеттер арқылы жүріп-тұруға рұқсат беруді реттейтін propusk.kz порталы іске қосылы тиіс. Облыстың бас санитар дәрігері тиісті құжатқа қол қойды. Қабылданған шешімге сай Қызылорда – Павлодар тасжолының Молодежный кенті маңында, Павлодар – Баянауыл – Бұқар жырау – Қарағанды жолының Үміткер кенті тұсында, Қарағанды – Аягөз – Бұғаз автожолының 271-інші шақырымында, яғни Семей қаласы бағытындағы Кентөбе кенті маңында бекет жұмыс істейді деп жоспарлануда. Ал осы үш санитарлық бекеттер арқылы өтуді қарастыратын сапарларды жоспарлағандар propusk.kz сайтында өз деректерін көрсетуі керек. Аталмыш бағыттар бойынша құқық қорғау органдарына, медицина қызметкерлері мен арнайы қызметтерге, халықтың тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлеріне, жүк көліктеріне, транзиттік көліктерге, Қарағанды облысына жергілікті тіркеумен келетін адамдарға, емделуге келетін адамдарға рұқсатнамасыз жүріп-тұруға рұқсат етіледі.

Вахталық жұмыскерлер мен тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай жүретіндер өз деректерін propusk.kz сайтына жіберуі қажет. Санитарлық бекеттерде полиция қызметкерлері мен дәрігерлер кезекшілік етеді. Олар жүргізушілер мен жолаушылардың денсаулық жағдайын тексереді. Бақылау барысында термометрия мен сауалнама жүргізіледі. Жолаушылардан бетперде тағу және эпидемияға қарсы барлық шараларды сақтау талап етіледі.

Хабар 24 телеарнасы