423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында 43 кеншіден коронавирус анықталды

  • 120
  • UPD: 15:34, 02.11.2020
Ақмола облысында 43 кеншіден коронавирус анықталды

Ақмола облысында 43 кенші коронавирусқа шалдықты.

Оқиға Біржан сал ауданындағы уран өндіретін кәсіпорында болған. Алғашында 3 жұмысшыдан вирус анықталған соң мекеме басшылығы ауысымдағы 180 кеншінің бәрін ПТР тестілеуден өткізіп, тағы 40 шақты адамның вирус жұқтырғанын білген. Барлығы да ауруханаға жатқызылды.

«Олардың жартысынан астамы симптомсыз», – дейді санитарлық дәрігерлер.

Қазір өндіріс ошағы уақытша карантинге жабылды. Бірнеше күн дезинфекция жасалған соң кәсіпорын қайта іске қосылмақ.

Айнагүл Мусина, облыстың бас санитар дәрігері:

– 3-4 қараша аралығында кәсіпорында толықтай залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Содан соң келесі ауысымға түсетін 180 жұмысшы ПТР-тест тапсырып барып жұмысқа келеді. Олардың арасында вирус жұқтырған адаммен байланыста болғандар бар ма, жоқ па, оны да тексереміз. Өндіріс ошағы қосымша медицина мамандарын көбейтеді. Жалпы жағдай жіті бақылауда.

Хабар 24 телеарнасы