422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ПТР-анықтамасы жоқ жолаушылар карантинге жатқызылды

  • 89
  • UPD: 15:35, 02.11.2020
ПТР-анықтамасы жоқ жолаушылар карантинге жатқызылды

Өткен тәулікте елорда әуежайына шетелден 5 ұшақ келіп қонды.

Жолаушылардың жалпы саны – 674. Солардың 35-і карантиндік стационарға жатқызылды. Себебі қолдарында ПТР-анықтама болмаған. Енді бірнеше тәулік дәрігерлердің бақылауында болады. Егер талдау теріс нәтиже көрсетсе, үйіне қайтарылады. Жалпы ел бойынша Алматы мен Ақтау қалалары халықаралық әуе рейстерін қабылдады. Мегаполиске шетелден 600-ге тарта жолаушы келіп, 30-ы оқшау орынға жатқызылды. Ал Ақтауға қонған 1 халықаралық әуе рейсінен 2 жолаушы карантинге жіберілді. Айта кетейік, 6 қазаннан бері шетелден келген 41 адамнан коронавирус жұқтырғаны анықталды. Ел ішіндегі жолаушылар үшін де қауіпсіздік шаралары қатаң. Әсіресе эпидемиологиялық ахуалы нашарлаған ШҚО-да әуе рейстерінің саны 17-ден 7-ге қысқарды және көліктің барлық түрімен қатынайтын азаматтардан ПТР-анықтама талап етілетін болды. Сондай-ақ ведомствоаралық комиссияның шешіміне сай транзиттік жолаушылар ел аумағына кіргізілмейді.

 

Хабар 24 телеарнасы