422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысындағы селкілдек көпір жөнделді

  • 193
  • UPD: 15:39, 02.11.2020
Ақмола облысындағы селкілдек көпір жөнделді

Ортасынан қақ айырылып, көлік өткен сайын селкілдейтін көпір жөнделді.

Осыдан бірер апта бұрын Ақмола облысы, Шортанды елді мекені маңындағы жолдың видеосы әлеуметтік желіге тарап, қызу талқыланған болатын. Ал бүгін эксплуатациялық компания эстакаданы толық қалыпқа келтірді деген ақпарат алдық. Яғни топсалы-анкерлі бекіткіштер орнатылып, деформациялық жіктер жөндеуден өткізілген. Аталған өтпежол 12 жылдан бері қалданылып келеді. Ұзындығы – 70 метр. Қазір Нұр-Сұлтан – Шортанды ақылы учаскесінің 75 шақырымдағы көпір бойынша көліктердің қауіпсіз әрі үздіксіз жүрісі қамтамасыз етілген.

Хабар 24 телеарнасы