423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда карантин тәртібіне бағынбағандар жауапқа тартылды

  • 97
  • UPD: 15:43, 02.11.2020
Қостанайда карантин тәртібіне бағынбағандар жауапқа тартылды

Өткен демалыс күндері Қостанай облысында карантин талаптарын бұзудың 40 дерегі тіркелді.

Мұндай заң бұзушылықтарды рейдке шыққан арнайы мониторингтік топ анықтады. Отбасылық мерекелер мен тойлар коттеджерде өткен. Карантин тәртіптеріне бағынбау фактілері қоғамдық тамақтану орындарында да расталды. Олар түнгі сағат 23:00-ден кейін жұмыс істеген. Дәмханаға келушілер мен қызмет көрсетушілер бетперде тақпастан, қарапайым гигиеналық талаптарға жүрдім-бардым қараған. Кейбір тамақтану нысандарының қожайындары мобильді топ өкілдерінің келетінін біліп, жарықты сөндіріп қойған.

Сәуле Нұрпейісова, Тауарлар және қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін БД баспасөз хатшысы:

– Облыста осы күнге дейін санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзудың 5277 дерегі тіркелді. 1375 хаттама толтырылды. Жалпы саны 911 айыппұл салдық. Оның құны 62 млн теңгеден асады.

Хабар 24 телеарнасы