422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында мал жайылымы тапшы

  • 90
  • UPD: 16:24, 02.11.2020
Павлодар облысында мал жайылымы тапшы

Павлодар облысының алыс ауылдарында мал жаятын жер қалмапты.

Астық салатын аудандарда жайылым көлемі қысқарып кеткен. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің басым бөлігі егін егуге пайдаланылады. Бұл мал мен жан бағып отырған ауылдағы ағайын үшін үлкен қолайсыздық тудырып отыр. Мәселен, Шарбақты ауданындағы Галкино ауылының тұрғындары мал басын көбейткілері келеді. Бірақ төрт түлікті жаятын жер жоқ. Ауыл тұрғындары тап болған күрделі жағдайды оң шешуге қоғам белсенділері атсалыспақ. Қалыптасқан жағдайды зерттеген бастамашыл топ жер заңнамасына өзгеріс керек деген ұсыныс тастады.

Қапсамат Байысов, қоғам белсендісі:

– Мал жайылымдары мен шабындық алқаптар бес жылға берілетіні нақты көрсетілген. Бес жыл ішінде мал шаруашылығы дамып үлгермейді. Толық өзгеріс енгізу үшін 10-15 жыл керек. Сонда ғана оның қайтарымы болады. Жер заңнамаларына қатысты мәселелер мемлекеттік органдармен қатар Мәжіліс, Парламент деңгейінде шешілуі тиіс деп ойлаймын. 

Хабар 24 телеарнасы