422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Қазгидромет» метеостанциясының құрылғанына 150 жыл

  • 208
  • UPD: 18:19, 02.11.2020
«Қазгидромет» метеостанциясының құрылғанына 150 жыл

Қазіргі Нұр-Сұлтан аумағындағы метеорологиялық станцияның құрылғанына 150 жыл.

Күн райына қатысты мәлімет осы орталықта жиналған деректер негізінде түзіледі. Әсіресе қысқа күнде қырық құбылатын Арқаның мінезін дөп басу оңай емес. Сондықтан мамандар әр сағат сайын мониторға үңіліп, қандай да бір өзгерісті көзден таса қылмауға тырысады. Ауа және топырақ бетінің температурасы, атмосфералық қысым, желдің жылдамдығына қатысты көрсеткіштер тәулігіне 8 рет жаңаланады.

Орталық қызметкерлерінің айтуынша, бұл Қазгидромет өкілдері болжамнан жаңылмауы үшін керек.

Жалпы елімізде тарихы өткен ғасырдан бастау алатын 35 метеорологиялық станция бар.

Хабар 24 телеарнасы