425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұр-Сұлтанда ботаникалық саябақ аумағында спорт орталығы салынады

  • 134
  • UPD: 15:41, 02.11.2020
Нұр-Сұлтанда ботаникалық саябақ аумағында спорт орталығы салынады Елорда әкімдігі

Саябақтың жасыл желегі жоқ бөлігіне (ботаникалық саябақтың жоғарғы бұрышы) жеке инвестициялар есебінен спорт кешені салынып жатыр.

Бұл жоба 2018 жылы қала құрылысы кеңесінде қолдау тапқан. Жоба қаланың бас жоспарына сәйкес келеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінен.

Спорт орталығы бақтағы велосипед және жүгіру жолдарының желісімен бірыңғай байланыста жұмыс істейді. Спорт орталығы тұрғындарға қолжетімді болады.

Қазіргі уақытта субсидия есебінен инвестормен халықтың әлеуметтік әлсіз топтары қатарындағы адамдардың спорт орталығына бару мүмкіндігі талқылануда.

Хабар 24 телеарнасы