425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елорда: үлескерлерден қаражат жинауға рұқсат алған компаниялар тізімі

  • 150
  • UPD: 16:56, 02.11.2020
Елорда: үлескерлерден қаражат жинауға рұқсат алған компаниялар тізімі Елорда әкімдігі

Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы үлескерлерден ақша жинауға 21 рұқсат берді.

Берілген рұқсаттардың жаңартылған дерекқоры сайтта жарияланған: saulet.astana.kz/kk/үлестік-құрылыс/

11 құрылыс компаниясы көпқабатты үйдің қаңқасы салынғаннан кейін үлескерлерден ақша жинауға рұқсат алды. 10 компания – екінші деңгейлі банк жобасына қатысу бойынша.

Еске сала кетейік, «Тұрғын үй құрылысына ортақ қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес үлестік қатысу келесі тәсілдердің бірімен ұйымдастырылады:

1. Кепілдік беру қорының кепілдігін алу
2. Екінші деңгейлі банк жобасына қатысу
3. Тұрғын үйдің қаңқасын тұрғызғаннан кейін үлескерлерден ақша жинау.

Үлестік құрылыстың әлеуетті қатысушысы (сатып алушысы) үлескерлерден қаражат тартуға арналған рұқсаттардың болуын тексеруге және сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасымен кеңесуге құқылы.

Хабар 24 телеарнасы