423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның коммунистік халық партиясы күнкөріс деңгейінің мөлшерін арттыруды ұсынды

  • 141
  • UPD: 05:56, 03.11.2020

Қазақстанның коммунистік халық партиясының мүшелері күнкөріс деңгейінің мөлшерін екі есе арттыруды ұсынды.

Елімізде қазір ең төменгі күнкөріс межесі 32 мың теңге шамасында. Бұл қаражат қажетті азық-түлік, коммуналдық төлем, рухани және әлеуметтік қажеттіліктерді өтеуге есептелген.

«Алайда шын мәнінде ол азық-түлікке ғана жетеді» дейді коммунстик партия өкілдері.

Президент Жолдауында айтылғандай, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін 20 процентке қысқарту қажет.

Партиялықтардың айтуынша, үнемделген қаржы қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін көтеруге жұмсалуы тиіс.  

Гүлдана Нұрпейісова, ҚКХП мүшесі:

- Ұсынысымыз өмір сүру мөлшерін екі есеге көтеру керек. Халықтың сұрап отырғаны жұмыспен қамтамасыз ету керек. Қалаға көбі келмес еді, егер ауылда үй беріп, агробанк жасап, кредит беріп, «айналайын халқым, жұмыс жаса» десе, бәріне халық дайын. Өйткені біз күнде халықтың арасында жүреміз. Мұң-мұқтажын жақсы білеміз.

Хабар 24 телеарнасы