424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ойына келгенін істеді – Өскемендіктер ПТР туралы

  • 204
  • UPD: 04:40, 03.11.2020

Өскеменде жолаушылар әуре-сарсаң. Оларға кеше кешкілік коронавируске ПТР тест тапсыру туралы хабарлама келе бастаған. Сөйтіп, бүгін зертхана алдында ұзын-сонар кезек пайда болды. Жұрттың айтуынша, олар мұндай талап туралы тым кеш білген. Оның үстіне тест алатын жалғыз мекеме.

Шәкәрім даңғылындағы бұл мекеменің алдында таң атысымен ұзын сонар кезек қалыптасты. Бірі Астанаға, бірі Алматыға сапарға жиналған жұрт. Біреуі пойызға, бірі ұшаққа билет алып қойған. Алайда кеше кештен бастап ұялы телефондарына «қолдарыңызда талдама нәтижесі болсын» деген хабарлама келе бастаған. Сөйтіп, жолға шыққалы отырғандар аяқ астынан зертхана іздеп кеткен. Қаладан ондай мекеме таппай, барлығы осы жерге кезекке тұрып әлек. 

Тоқберген Байтас, жолаушы:

- Билетімізді алып қойдық енді қазір ол ертең төрттен кейін бола ма дайын, бесте ме, ал мен сағат төртте аэропортта болуым керек, бесте ұшып кетуім керек, білмеймін қалай болатынын бұның енді айтқан кезде, ойына келгенін істейді. 

Қолдарындағы билет «күйіп кете ме» деген тұрғындар «бұл жәйт туралы неге ертерек хабарланбаған» деп ызалы. 

Алмас Міржақыпов, жолаушы:

- Адамдарға ескертілмеген, сондықтан билеттерін қайтарып жатқандар да болып жатыр, кезек жылжымалы акимат келгендіктен ғана краскамен сызып, дистанция сақтаңыздар деді.

Кезектің неге жылжымай тұрғанын, тест нәтижесінің қаншалықты жылдам  әзірленетінін біз де сұрап білуге тырыстық.

- Если человек сдал сейчас когда он сможет получит?

- Завтра после 4-х.

- Если это срочный тест?

- В течение 4-х часов.

Жедел тесттің құнын екінің бірінің қалтасы көтермесі анық. Өйткені 20 мың теңге. Бір отбасыдан бірнеше адам ұшып бара жатса есептей беріңіз. Оның үстіне алған билетіңіз күйіп кетсе, шығын еселенді деген сөз.

- Это ужасно.

Тіпті бұл жердегілердің кейбірі ертерек тест тапсырып қойғанға, «сенбі-жексенбі күндері де жұмыс істеп тұрған зертхана таппай қиналдық» дейді. Алайда санитарлық дәрігерлер «талдама қабылдайтын орындар жұмысын тоқтатқан жоқ, Семейде 4, Өскеменде 5 орын бар, тек тұрғындар салғырттық танытып осындай жағдай туындады» деп отыр. 

Талғат Тұңғышбаев, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін БД бастығының м.а.:

- Карантин болатын 3-4 күн бұрын хабарладық, БАҚ арқылы енді 3 күн уақыт берілген, сенбі-жексенбі күндері зертханалар жұмыс істеді. Бірақ мұндай тапсырыс болмап еді, бүгін дүйсенбі болғасын солай шығар. Енді қалай шешім қабылдаймыз ертеңннен бастап материалды қабылдау пункттері көбейтіледі.

Сөйтіп, енді зертханаларда талдама қабылдайтын орындар саны арттырылмақ. Алдағы күндері мұндай келеңсіздік қайталанбайды деп сендірді сала өкілдері. Алайда бүгін-ертең жол жүретіндердың шығынын кім өтейтіні белгісіз.

Естеріңізге салсақ, бүгіннен бастап Өскеменмен арадағы әуе және теміржол көліктерінің рейсі қысқарды. Ал пойызға немес ұшаққа ПТР тесттің теріс нәтижесі бар жолаушылар ғана отыра алады. Өңірдегі эпидахуалдың күрделеніп бара жатқнанына орай осындай қатаң шаралар бекітілген еді. Сонымен қатар қарашаның бірінен бастап Өскеменнің маңайында қалаға кіріп шыққан жолаушыларды бақылау мақсатында 13 санитарлық пост жұмыс істеп тұр.Ол жерден кешеден бері 7 мыңнан астам көлік өткен.

Авторлар: Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов

Хабар 24 телеарнасы