423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Күрес күшеймесе есірткі саудасы шемішке сатқанмен бірдей болайын деп тұр

  • 132
  • UPD: 04:44, 03.11.2020

Талдықорған тұрғындарынан маза қашты. Әлдекімдер түн жамылып келіп есік пен кіреберістерге синтетиткалық есірткі сататын сайттың сілтемесін жазып кетеді. Көпшілік бірден өшіргенімен келесі күні қайта пайда болады. Мәселенің мән-жайын тілшіміз айтады.

«Самал» шағын ауданындағы 7 бірдей көпқабатты үйдің тұрғындарынан бір айдан бері маза кеткен. Бір түнде барлық подъездің есігінде фильмдегі сайқымазақ Джокердің бейнесі пайда болған. Жоғарғы жағында бір сайттың сілтемесі көрсетіліпті. Ненің жарнамасы екенін түсінбеген тұрғындар оны ашып көргенде,  шошығандарын айтады. Сайтта кристалл түріндегі синтетикалық есірткі затының саудасы қызып тұрған.

Бүбіхан Шаяхметқызы, қала тұрғыны:

- Бір күнде пайда болды, мына бүкіл есікке. Осы мына 28, 27, 26, 25 бір күнде пайда болды. Сонан кейін барып, мынаны өшіргеннен кейін, мынаны жасады ғой. Сарымен боялғанды жасады. Өсіп келе жатқан жастардан қорқасың ғо енді. Бүкіл үй шулап, неттік, өзіміз өшірдік қой деймін осыны.

- Синтетикалық наркотиктің жарнамасы. Біз оған түбегейлі қарсымыз. Өйткені бала-шағамыз бар. Бұл өте қауіпті. Құзырлы органдар осыған бір шара қолданса екен деп ойлаймыз енді.

Асқар Хамитбазаров, қала тұрғыны:

- Оны мен ойладым ставка қоятын ойын екен деп. Мен оның жаман нәрсе екенін естімеппін. Бұл осындай заңсыз нәрсе болса, полиция оны табуы керек.

Сайт қазір ашылмайды. Бірақ онда сатылған есірткінің атауы біраз жерде сақталып қалған. Кристалл түріндегі синтетикалық препаратты «жылдам өлім»  деп атайды екен. Себебі ағзаға зияны орасан. Осының бәрін естіп білген тұрғындар полицияға шағым түсірген. Облыстық полиция департаменті бастығының өзіне тікелей жазыпты. Учаскелік инспекторлар бұл іске волонтерлерді де тартқан.

Серік Үпиев, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі:

- Сонымен қоса тұрғындардың көмегімен учаскелік полиция қызметі және есірткі бизнесіне қарсы қызметі басқармасының қызметкерлері осы жұмысты атқаруда.

Ақсәуле Байменшина, тілші:

- Учаскелік полицейлер дәл осылай бірнеше рет бейненің бетін жауып, сырлаған екен. Бірақ тұрғындардың айтуынша, келесі күні қайта пайда болады. Себебі жарнама жасаушылар түн қатып келіп, ұстатпай кетеді. Ең қызығы, бұл ауладағы үйлердің әрбір подъезінің алдында бейнекамера орнатылған. Бірақ күдікті әлі табылған жоқ. Учаскелік полицейлердің айтуынша, бұл іс бойынша 3 бірдей қылмыстық іс қозғалып. қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Жыл басынан бері Талдықорғанда 17 келі гашиш, 40 келіден астам марихуана тәркілеген. Аса ірі көлемдегі есірткі заттарын сақтау және тасымалдау бойынша 8 қылмыстық іс қозғалған. Жалпы осы есірткі бизнесіне қатысты 200 іс тіркелген.

Авторлар: Ақсәуле Байменшина, Олжас Байбосынов

Хабар 24 телеарнасы