424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Интернетте «Хабар 24» арнасының атын жамылған алаяқтар көбейді

  • 114
  • UPD: 22:28, 02.11.2020

Интернет қылмыстың көбейгені туралы осыған дейін сан мәрте айттық. Тіпті дәл осы өздеріңіз көріп отырған біздің арнамыздың да атып жамылып, пайда тапқысы келетін алаяқтар жетіп артылады. Былтыр елде  8 мың киберқылмыс тіркелсе, биыл бұл көрсеткішті қайталау үшін 10 ай жеткілікті болды.

Бұл видео ютубтағы арналардың біріне осыдан бір күн бұрын салынған. Осы уақыт ішінде оны 400 мыңға жуық адам көріп үлгірген. Экранның төменгі бұрышындағы көк белгі мен тілшіміздің сюжетінен алынған үзінді «Хабар 24» арнасына тиесілі. Алайда салыққа қатысты өзге ақпараттың авторы бізге беймәлім. Яғни бейнемонтаж маманының еңбегі. Ал видеоны тоқтатып қойсаңыз, жаңалықтар жүргізушісі Жамбыл Зейнолланың суреті шығады. Оның да фейк жаңалыққа еш қатысы жоқ. 

Жамбыл Зейнолла, «Хабар 24» телеарнасының жүргізушісі:

- Халық «24» арнасына сенеді. Сондықтан алаяқтар арнамыздың атын жамылады. Көбірек адамды қамтығысы келеді. 

Монтаждау инженерлерінің айтуынша, бұл фейк-жаңалық сапасыз жасалған. Сондықтан оларды әзірлеу аса қиындық тудырмайтын көрінеді.  Мұны қарапайым желі қолданушысы байқамауы мүмкін, алайда қырағы көзді техника мамандары бұл кемшіліктерді бірден байқайды. 

Құдайберген Аймырза, «Хабар 24» телеарнасының монтаждау инженері: 

Сәуле Қайдағұлова, «Хабар» Агенттігі» АҚ Интернет дирекциясының директоры:

- Бұл бірінші рет емес. Осыған дейін арнамыздың жүргізушілерінің сөзін қиып алып, үстіне аударма қойып пайдаланғандар болған. Ютубқа өзіміздің тауарлық белгіміздің заңсыз пайдаланылғанын айтып, шағымдандық. Олар қарастырып, кейіннен блоктайды. Жалпы бұл видеоларды жою қиын емес. Бізді мұндай контенттің пайда болғаны алаңдатады. 

Екі апта бұрын да осыған ұқсас жағдай тіркелген. Арнамыздың атын жамылғандар казиноны жарнамаламақ болыпты. Алайда көп ұзамай бұғатталған. Егер осы тектес видео жарнамаларды көзіңіз шалса, сенбеуге шақырамыз. Әрі бұндай жалған ақпарат таратқандар жауапкершілікке тартылатынын ескертіп отыр мамандар.

Хабар 24 телеарнасы