423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда жастарды жұмыспен қамтуда кешенді шаралар қолға алынған

  • 124
  • UPD: 22:12, 02.11.2020
Павлодарда жастарды жұмыспен қамтуда кешенді шаралар қолға алынған

Ертіс өңірінде жұмыссыз жүрген жастарды еңбекпен қамту мәселесін шешу мақсатында кешенді шаралар қолға алынған.

Бүгінде 1300-ден астам 29 жасқа дейінгі азамат екі қолға бір күрек табуды көздейді. Оларға көмектесу бойынша ұсыныстар «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері ұйымдастырған «Жастарды еңбекке әлеуметтендіру» атты жиында талқыланды. Кездесуге алып өндіріс ошақтары мен мемлекеттік мекемелердің өкілдері жиналды.

Айта кетейік, аймақта соңғы жарты жылда пандемия салдарынан еңбек жәрмеңкелерін ұйымдастыру тоқтатылды. Дегенмен, бұл бағыттағы шаралар тоқтамаған.

Ғабит Хафиз, «Jas Otan»  жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы:

- Өңірімізде өнеркәсіп орындары көп. Жастардың басым бөлігі жаңағы 160 мыңнан астам жастардың 72 мыңға жуығы өнеркәсіп орындарында жұмыс істейді. Сондықтан біз көп жағдайда жастарға бағытталған іс-шара болсын, міндетті түрде бір бағытымызды жұмыссыз жастарға бағыттаймыз. Бүгінгі кездесуге Павлодар мұнай-химия зауытынан, Ақсудағы ферроқорытпа зауытынан, тағы басқа шағын өнеркәсіп орындарынан қатысып отыр жастар.

Хабар 24 телеарнасы